ТАШКЕНТТЕ ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНА ЕСЕК ЕТІН ӨТКІЗГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ
Өзбекстан астанасы Ташкенттегі Алмазар ауданындағы «Шаршара» шұжық цехына 69 келі шұжық етін өткізген екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды http://abai.kz/.
Тергеу ісіне қарағанда, шұжық цехының қызметкерлері есек етін сиыр еті деп рәсімдеген.
Арнайы рейд жүргізу барысында Gold Premium Product компаниясына тиесілі "Шаршара" ет цехынан 275 келі ет тәркіленген.
Етке сараптама жүргізу барысында құрамында адам денсаулығына өте қауіпті есек еті болғанын анықтаған. Бірақ осыған дейін де есек еті жеткізіліп тұрды ма, ол жағы белгісіз.