БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕ ЖОЛ ШЕТІНДЕ НАМАЗ ОҚУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
БАӘ-де жол шетіне намаз оқуға тоқтаған көлік иелеріне 136 доллар көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы әлемдік баспасөз хабарлады.
Дубайдың Жол-қозғалыс полиция департаменті мамандары жол шетінде, әсіресе, автомагистральдерде тоқтау түрлі апатқа себеп болып отырғанын айтады. Сондықтан де ел билігі осындай шара қолдануға мәжбүр болған.
Өткен жексенбіде Sheikh Mohammad Bin Zayed Road тас жолында орын алған оқиғаға да осындай жағдай себеп болыпты. Жол шетінде намаз оқып жатқандарды автокөлік қағып кеткен бұл оқиғадан зардап шеккен алты адамның үшеуі ауыр халде жатқан көрінеді.