ФИНЛЯНДИЯДА ЖӘНДІК ҚОСЫЛҒАН НАН САТЫЛА БАСТАДЫ
Финляндияда ұн, дән және кептірілген жәндіктерден дайындалған нан сатыла бастады, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі Helsingin Sanomat-қа сілтеме жасап.
Мұндай өнімді Fazer компаниясы дайындаған. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл әлемдегі жәндіктер қосылған алғашқы нан өнімдері. Себебі, бұған дейін нанның құрамынан жәндіктер кездейсоқ қана табылатын.
«Біз өте дәмді қамырдан әзірленген нанды дайындадық. Нәтижесі өте керемет. Крикет-нанның құрамы белокқа бай. Сондай-ақ, жәндіктердің құрамында май қышқылдары, кальций, темір және B12 витамині бар», - дейді наубайхананың инновациялар жөніндегі директоры Юхани Сибаков.
Оның айтуынша, болашақта жәндіктер тамақ өнеркәсібінде маңызды ингредиент болады.