ПУТИН ЕРДОҒАННЫҢ ОРЫНДЫҒЫН ҚҰЛАТЫП АЛДЫ. ВИДЕО
Ресей президенті Владимир Путин түрік басшысы Режеп Тайып Эрдоған отырған орындықты құлатып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл жағдай Сирияға қатысты Сочидегі үшжақты келіссөздер нәтижесіне байланысты өткен пресс-конференция барысында болды.
Владимир Путин сөзін сөйлеп болған соң Эрдоғанның қолын алды. Сол сәтте орнынан тұрып жатқан түрік басшысының орындығын жылжытып жіберді. Орындық жерге құлады.
Негізінде Путин Ердоғанға тұруға ыңғайлы болуы үшін жылжытып жатқан. Бірақ орындық құлап кетіп, оны сол жердегі штат қызметкері көтерді, деп жазды ria.ru.