МЕТЕОРИТТЕР ШАБУЫЛЫ: ЖАПОНИЯҒА «ОТТЫ ШАР» ТҮСТІ
Атмосфераны тесіп өтіп жерге құлаған метеориттер видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.
Секо және Йошитака префектураларының арасына түскен метеорит мыңдаған адамның зәресін алды. Астрономдар мен метеорологтардың айтуынша, мұндай жарық метеориттердің жерге түсуі – жапониялықтар үшін ерекше құбылыс.
Мұнымен қатар, ғалымдар аталған метеориттің адамзат үшін қаупі жоқ екенін айтып өтті. Мұндай құбылысты әдетте қыркүйек пен желтоқсан айларының аралығында бақылауға болады.