ҚОЛТЫРАУЫННАН ҚОРҚЫП 4 КҮН БОЙЫ КӨЛІК ҮСТІНДЕ ЖАТҚАН
Автралияның Батыс штатына қарасты балшықты жағалауда төрт күн бойы қолтырауыннан тығылып отырған балықшылар құтқарылды.
Бұл туралы ABC News-ке сілтеме жасаған http://stan.kz/ хабарлады.
Екі жігіт балық аулауға 17 қараша күні шығады. Дүйсенбіде оралуға тиісті болған олардан хабар болмағасын туыстары полиция мен құтқарушыларға хабарласқан. Құтқарушылар балықшыларды бір тәулік бойы іздеп, 21 қараша күні күні тауып алған.
Құтқарылған екі адам бастарынан өткен жағдайды баяндап беріпті.
Олар жол талғамайтын көлікпен балшықты аймаққа өтіп кеткен екен. Батып қалған көлікті айналшықтап жүрген кезде олардың бірі өздеріне қарай келе жатқан қолтырауынды көреді. Олар бірден көліктің төбесіне шығып жатып алады. Құтқарушылар келген күні олар төртінші күн көліктің төбесінде түнеген еді.
«Мынандай ыстықта олардың бесінші күнге шыдауы мүмкін емес. Қолтырауыннан құтылғанмен бәрібір шөлден өлер еді»,-дейді полиция қызметкері.