МЬЯНМА РОХИНЬЯЛЫҚ МҰСЫЛМАНДАР ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ
Мьянма басшылығы рохиньялық мұсылмандарға жасалған қанды қырғын жайлы зерттеу жүргізуге қатысты ЕуроОдақ ұсынысын қабылдамай тастады. Бұл жайында Азия-Еуропа елдерінің Сыртқы істер министрлерінің XIII отырысында Сингапур министрі Вивиан Балакришнан мәлімдеді, деп хабарлайды http://muslim.kz/.
Кездесуде түрлі ұсыныстар айтылған. Мьянманың мемлекеттік кеңесші және Шет елдік істер министрі Аун Сан Су Чжи қазіргі уақытта осы мәселеге қатысты халықаралық қоғамдастық ұсынған жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізген. «Бұған қоса, жергілікті арнайы комиссия қажетті зерттеулерді жүргізіп келеді», – деген ол ЕуроОдақ ұсынысын басы артық шаруа деп санайтынын айтқан.