ТҰТАС БІР ТАЙПА ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ
Индонезия аумағындағы джунглиді мекендейтін Оранг Римба тайпасы соқыр наным-сенімінен бас тартып, жаппай хақ жолға түсіп жатыр. Бұл туралы BBC News-ке сілтеме жасаған http://islam.kz/ хабарлайды.
Олардың Исламды таңдауына өмірлерін жақсы жағына қарай өзгертуге деген талпыныстары мен ұмтылыстары түрткі болған. Бұрын аталған тайпа өкілдері жартылай жалаңаш жүрсе, қазіргі уақытта шариғат талаптарына сай киініп, дінді меңгеруге кіріскен. Айта кету керек, осыдан 3 ай бұрын аталған тайпадан 58 отбасы тобымен тілін кәлимаға келтірген еді. Олардың хақ жолға тү.суіне орай сол маңдағы мұсылман жамағаты салтанатты шара ұйымдастырып, оларға киім-кешек, жайнамаз, т.б. тарту еткен болатын.
Жергілікті мұсылмандар жамағатының жетекшісі Рейханның айтуынша, тайпа өкілдері исламға келмей тұрып, бақилық болған бауырларын көмбей, орманға тастап кетіп отырады екен. Ал тайпа көсемі Мұхаммед Жүсіп (бұрынғы есімі - Югук) ислам дінін қабылдаудың оңай болмағанын айтады. Қазір тайпа мүшелері дінді тереңірек білу үшін оқу-сызуға ден қоюда.