СОЛТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ ӘСКЕРИ ОҢТҮСТІК КОРЕЯҒА ҚАШТЫ. ВИДЕО
Оңтүстік Кореядағы БҰҰ-ның әскери күштер командованиесі Пханмунджом елдімекеніндегі бейтарап аймақ арқылы Солтүстік Кореядан оңтүстікке қашқан әскеридің видеосын жариялады. Оған Солтүстік Корея шекарашылары атқан оқтың бесеуі тиген. Бұл туралы www.vesti.ru/ хабарлады.
Бұл оқиға жайлы видео әуелі Korea Herald басылымының сайтында пайда болыпты. Бейнежазбада 20 жастағы жігіт мінген джиптің бейтарап аймаққа кіргені көрінді. Ол көліктен түсе сала шекараның арғы бетіне қарай жүгіре жөнеледі.
БҰҰ-ның әскери күштер командованиесі өкілдері қашқынның артынан оқ жаудырған солтүстіккореялық шекарашылардың демаркациялық желіні кесіп өткендігін мәлімдеді. Бұл солтүстік пен оңтүстік арасында 1953 жылы қол қойылған келісім талаптарына қайшы келеді.
Қашқын әскери қазір оңтүстіктегі госпиталда ем алып жатыр.