ҚЫТАЙ СКАЙПҚА ТЫЙЫМ САЛДЫ
Қытай App Store және Android дүкенінен Skype қосымшасын өшіріп тастады, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Apple компаниясы өкілдерінің айтуынша, Қытай жергілікті заңға қайшы келетін кейбір қосымшаларға тыйым салған. Ал Skype басшысы қосымшаның уақытша өшірілгенін, компания аз уақыттың ішінде оны қалыпқа келтіретінін айтты.
Skype қазан айынан бастап Қытайда дұрыс жұмыс істемеген. Кейін Apple компаниясы Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінен кейбір қосымшалардың ішкі заңға сай келмейтіні жазылған хат алған.
Бұған дейін Apple Қытайдағы қосымшалар дүкенінен тауарларын шығарып алғаны үшін сынға ұшыраған болатын. Шілде айында компания 60 виртуалды жеке жүйе салып алып, қытайдың интернет-брендмауэрінен айналып өткен еді. Себебі Қытайда заң бойынша оларды өшіру талап етілген.
Қытай заңы қоғамдық пікірді бақылап отыратындықтан, тұтынушыларын арттырғысы келетін шетелдік компаниялар жергілікті үкіметтің кедергісіне тап болды. Бұған дейін Google, Facebook, Twitter-ге тыйым салынып, ендігі кезек Skype жүйесіне жетті.