ҚЫТАЙДА 5 АЯҚТЫ БҰЗАУ ТУДЫ
Қытайдың Мулин қаласында орналасқан фермада бесаяқты бұзау туды, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Артық аяқ бұзаудың арқа тұсынан өсіп шыққан. Оның бұл кемістігін полимелия құбылысымен түсіндіруге болады. Артық өсіп шыққан сүйек эмбрионалдық даму кезіндегі егіздің өлген сыңарына тиесілі болуы мүмкін.
Биыл мамыр айында Американың Солтүстік Дакота штатындағы фермада алтыаяқты бұзау туған болатын.