КЛИПКЕ ІШКИІМШЕҢ ТҮСКЕН ӘНШІ ТҰТҚЫНҒА АЛЫНДЫ
Египет полициясы іш киіммен клипке түскен әнші Шиманы тұтқынға алды. Тәртіп сақшылары өнер иесін анайы қылығы үшін қамауға алғандарын айтты.
Бұл туралы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Телеарнаның хабарлауынша, халық тарапынан әншінің бейнебаянына қатысты шағым көптеп түскен.
Елдің сынына ұшырап, қамауға алынған соң Шима Египет халқынан кешірім сұраған. “Халықтың осыншалықты теріс қабылдайтынын білмедім”, – дейді ол.
Айта кетейік, аталған шудан кейін Шиманың бейнебаяны желіден алынып тасталған.