МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ: 30 ЖАСТАҒЫ ҚЫТАЙЛЫҚ 3 ЖАСАР БАЛАДАЙ КӨРІНЕДІ
Отыз жасқа келген Вань Тианфань 3 жасар бала сияқты көрінеді. Оның анасы Чу Сяопиньге баласын ғибадатханада қалдырып, дені сау бала босанып алуға кеңес берген. Бірақ әйел баласын тастауға келіспепті. Бұл туралы http://stan.kz/ хабарлайды.
Отыз жыл бұрын Вань Тианфань туғанда-ақ дәрігерлер баланың денсаулығында генетикалық ақау бар екенін айтыпты. Баладан табылған аурудың сирек кездесетіні сонша, оның атауы да жоқ болып шықты.
Дәрігерлердің айтуынша бұл дертке Вань Тианфаньнан басқа әлемдегі 7 миллиард адамның бір де біреуі шалдықпаған. Бұл аурудың ерекшелігі сол, бала 3 жастан кейін дамымай қалған. Ол өспейді, сөйлемейді, жүре алмайды әрі анасына толықтай тәуелді.
Бастапқыда дәрігерлер баланың ұзақ өмір сүрмейтінін айтқан. Мұнан кейін ол көңіл жұбатарлық болжамдар жасай бастаған. Бірнеше жыл бұрын науқасты тексерген дәрігерлер Вань Тианфань 30 жасқа дейін өмір сүрмейді деген қорытынды жасаған. Бірақ анасы дәрігерлердің сөзіне сенуден бас тартуда. Ал биыл Вань Тианфань 30 жасқа толып отыр.
«1990 жылы балам 3 жасқа толғанда көршім оны ғибадатханада тастап кетуіге кеңес берді. Бірақ бұл ой маған жиіркенішті көрінді», – дейді Чу Сяопинь.
Вань Тианфаннің анасы мұнан әрі де баласына қамқор бола бермек. Және қартайғанда да баласы тірі болатынына сенеді.
«Мен оның жағдайы ешқашан оңалмайтынын білемін. Ол мүмкін емес. Бірақ мен балам үшін өмір сүргім келеді. Оның өлгенін қаламаймын», – дейді Чу Сяопинь.