NASA: АРКТИКАДА ЖАСЫЛ АЛҚАПТАР ПАЙДА БОЛА БАСТАДЫ. ВИДЕО
NASA соңғы 20 жылда Жер ғаламшарының қандай өзгеріске ұшырағанын анимациялық ролик арқылы көрсетті. Бұл видео YouTube арнасында жарияланған, деп хабарлайды https://Baq.kz ақпарат агенттігі.
Видеода Жердің климаттық өзгеріске қалай ұшырағаны, мұздықтар мен қарлы қатпарлардың қандай болғаны бейнеленген. Ғаламдық жылыну салдарынан Арктика 20 жылда жасыл алқапқа айнала бастапты. Ал ғаламшардың біраз бөлігі "биологиялық иенге" айналғаны да осы видеороликте көрсетілген.
Видеороликті жасау барысында Жер ғаламшарының 1997 жылдан бұрын спутник арқылы түсірілген суреттері пайдаланылғанын айта кеткен жөн.