АСТРОНАВТ МЕТЕОРИТТІҢ ЖЕРГЕ ҚҰЛАҒАН СӘТІН ВИДЕОҒА ТҮСІРІП АЛДЫ
Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан италияндық астронавт Паоло Несполи Атлант мұхиты маңына құлаған метеорит ұшқынын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды https://Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы астронавт өзінің Twitter парақшасында жазған.
"Біз ХҒС-да көптеген метеориттердің құлаған сәттерін байқаймыз, бірақ ешқайсысын видеоға түсіріп үлгермейтін едім. Бұл жолы менің жолым болды және мен жарқыраған шардың қалай зымырап бара жатқанын бейнетаспаға жазып үлгердім. Ол жерге қарай секундына 40 шақырым жылдамдықпен зулаған метеорит еді" - деп жазады Несполи.
Еуропалық ғарыш агенттігінің мәліметіне қарағанда бұл шардың көлемі бір метрге таяу. Ал space.com порталы бұл Таурид немесе Леонид метеориттерінің бірінің сынығы болуы мүмкін деген болжам жасапты.
Сарапшылар бұл объектінің спутниктің фрагменті болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.