ХИДЖАБТАҒЫ БАРБИ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАДЫ. ВИДЕО
Барби қуыршағын жасап шығарушы американдық Mattel компаниясы Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарында семсерлесуден күміс жүлде иеленген американдық мұсылман қыз Ибтихадж Мұхаммедтің құрметіне арнап жаңа қуыршақ шығарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы http://www.muftyat.kz/ хабарлайды.
Алла қаласа, хижабтағы Барби келер жылы сатылымға шығарылады деп жоспарлануда.
Ал Ибтихадж болса, Instagram парақшасында өзінің кішкене көшірмесін мақтанышпен көрсетіп те үлгерді.
Айта кететін тағы бір жайт, семсерлесушінің костюмі, қылышы мен дулығасынан басқа, қуыршақтың тағы да кешкі әдемі де қарапайым киімдері де болады.