АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: «МЕНІ ШАЛ ДЕЙСІҢ, АЛ СЕН СЕМІЗ МӘСТЕКСІҢ»
Солтүстік Кореяның журналистері АҚШ президенті Дональд Трампты қорқақ деп атап, өлім жазасына лайық екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды The Guardian-ға сілтеме жасаған https://kaz.tengrinews.kz/.
Солтүстік Кореядағы БАҚ өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамптың Оңтүстік Кореяға сапары мен Твиттер желісіндегі жазбасы үшін оны өлім жазасына кескендерін мәлімдеді.
"Ким Чен Ын неге мені шал деп мазақтайды, мен оны ешқашан мәстек және семіз демедім ғой? Мен онымен дос болғым келеді, мүмкін бір күні солай болар", - деп жазған Трамп.
Мұндай сөздер "Нодон синмун" газеті редакциясының ашуын келтіріп, журналистер Трампты Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасына келуден бас тартқаны үшін қорқақ деп атап, Ким Чен Ынға тіл тигізгені үшін өлім жазасына лайық деп жазыпты.