РИМ ПАПАСЫ ТЕМЕКІГЕ ТЫЙЫМ САЛМАҚ
Рим папасы Франциск Ватикан аумағында темекі сатуға тыйым салмақ, деп хабарлайды https://baq.kz/ ria.ru-ға сілтеме жасап.
«Рим папасы Франциск 2018 жылдан бастап Ватиканда темекі сатуға тыйым салу жөнінде шешім қабылдады. Себебі ол адамдардың өміріне зиян келтіретін істерді қолдамайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымдарының дерегіне сәйкес, жыл сайын әлемде темекі тартқан жеті миллионнан астам адам қайтыс болады», - дейді Ватикан баспасөз қызметінің басшысы Грег Берк.