ЧИЛИ БИЛІГІ ТАЙСОНДЫ ЕЛГЕ КІРГІЗБЕЙ ҚОЙДЫ
Танымал боксшы Майк Тайсон бұрын жасаған заң бұзушылығы үшін Чили аумағына кіре алмады, деп хабарлайды https://baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Чили полициясының Twitter-дегі блогына сілтеме жасап ria.ru жазады.
«Халықаралық полиция детективтері Майк Тайсонды шетелдіктердің елде болуы жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін тағы да қайтарып жіберді», - деп жазылған Twitter хабарламасында.
Айта кетейік, 2007 жылы Тайсон есірткіге қатысты заңсыздықтарға жол бергені үшін айыпталған болатын. Сол кезде оған қатысты 24 сағат қамауға алу және 3 жыл сынақ мерзімін өтеу жазасы тағайындалған еді.
Чилидің шетелдіктер туралы заңына сәйкес, осындай қылмыстар жасаған шетел азаматтарының елге кіруіне тыйым салынған.