МЕТЕОРОЛОГТАР МАГНИТТІ ДАУЫЛ БОЛАТЫНЫН ЕСКЕРТЕДІ
Метеорологтар Жерде қатты магнитті жел болатынын ескертуде, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Фобос»-қа сілтеме жасап rosbalt.ru жазады.
Синоптиктер Жерде қатты магнитті желдің болатынын болжаған. Олардың айтуынша, магнитті жел 8 қарашадан 11 қарашаға дейін созылады. Мамандар мұндай магнитті жел жоғары жылдамдықтағы күн желінің әсерінен пайда болатынын айтады.
«Жерде 7 қарашадан 11 қараша аралығында 30-35% қатты магнитті жел, ал кейбір жерлерде магнитті дауыл да болуы мүмкін. Күн желінің жерге әсері 8 қарашадан 11 қарашаға дейін болатындықтан, ол бүгінен бастап әсер етеді. Содан кейін геомагнитті өріс қайтадан өз қалпына келеді», - деп жазылған хабарламада.
Метеорологтар магнитті желдің әсерінен радиобайланыс жұмысында, спутниктік байланыс жүйелеріне кедергілер болуы мүмкін екенін ескертеді.