ТРАМПҚА САУСАҚ ШОШАЙТҚАН ӘЙЕЛ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫЛДЫ
АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне саусақ шошайтқан әйел жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасаған https://baq.kz/ ақпарат агенттігі.
Жұмыс беруші - Akima LLC компаниясы мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын 50 жастағы Джули Бриксман өз Twitter және Facebook аккуанттарында жариялаған кадрларға наразылық білдірген.
Артынша компания өкілдері Бриксманды әңгімелесуге шақырып, бұдан былай онымен жұмыс істеуге бейіл емес екендіктерін айтқан.
Akima басшылығы қоғаммен байланыс және маркетинг бөлімінде жарты жылдай жұмыс істеген әйелдің әлеуметтік желіде жариялаған кадрлары компанияның қызметіне зиянын тигізеді деп отыр.
Бриксман болса Трампқа саусақ шошайту арқылы, көңілі толмаушылығын білдіргеніне еш өкінбейді екен.