ҚЫТАЙ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҰШАТЫН ТІКҰШАҚ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
Бұл туралы Stan.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Авиация мен ғарыш бағытында оқытатын Шэньян университетінде құрастырылған RX1E-A модельді тікұшақ екі адамға арналған. Ол күні кеше сынақтан өткізіліп, Цайхун аэродромында тексерілді.
Осыған дейінгі электромоторлы тікұшақпен салыстырғанда, оның ұшу ұзақтығы 45 минуттан 2 сағатқа дейін ұзартылды. Мұнымен қатар, ұшақтың ішінде парашют бар. Мамандар бұл жаңалықты «Қытайдың жалпы мақсаттағы электромоторлы авиация саласындағы кезекті серпілісі» деп бағалап отыр. .