АЛЫП ГАЗДЫ ПЛАНЕТА ТАБЫЛДЫ
Уорвик университетінің зерттеушілері бастаған халықаралық астрономдар тобы аспан әлемі туралы ілім қисынына сыймайтын алып газды планета тапты.
Көгершін шоқжұлдызынан табылған жаңа планета көлемі жағынан Юпитерден сәл ғана кішілеу. Ғалымдар NGTS-1b деген ат берген газ планетасындағы температура Цельсий бойынша 530 градусқа жетеді және онда жыл небәрі 2,6 күнге созылады, деп хабарлайды http://svpressa.ru/.
Аспан әлемін зерттеп жүрген ғалымдарды планетаның жаратылысы қатты қайран қалдырып отыр. Осыған дейін шағын жұлдыздар айналасына қатты аспан денелерін топтастырады, ал газ гиганттары үшін материал жеткіліксіз болады деген болжам айтылатын Бірақ, NGTS-1b бұл түсініктің бәрін жоққа шығарып отыр.
— NGTS-1b-тің ашылуы бәрімізді таңғалдырып отыр. Бұл факт біздің планета құрылымы жайлы түйгендеріміздің бәрін теріске шығарды, — деді зерттеу тобын бастаған доктор Даниэль Байлисс.