САУД АРАБИЯСЫ ВАХХАБИЗМЕН БАС ТАРТПАҚ
Бұл туралы Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Эр-Риядта өткен экономикалық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды https://baq.kz/kk ақпарат агенттіг hurriyet.com.tr басылымына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы қысқа мерзім ішінде көтерген біраз бастама көтеріп, елдің көзіне түскен. Мұхаммед бен Салман бұл жолы елінің қалыпты исламға бет бұратынын, осылайша экстремизмді жоятынын мәлімдеді.
Салманның бұл сөздері Сауд Арабиясында «революциялық сипаттағы» мәлімдеме ретінде қабылданып отыр.
Бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз. Барлық дінге және әлемге ашық қалыпты ислам мемлекетіне айналамыз, - деді ол панельдік пікірталаста.
Айта кетсек, бүгінде көптеген ел Сауд Арабиясын экстремистік террористік ұйымдарға қаржылай қолдау көрсетеді деп айыптайды.