ҚАУІПТІ ТРЮК ЖАСАҒАН ГУРУ КҮЙІП ӨЛДІ
Малайзияда даос гуруы қазанда көп уақыт бойы болатын трюк жасаймын деп, күйіп өлді, - деп хабарлайды https://kaz.tengrinews.kz/
Қайғылы оқиға 23 қазанда кешкі уақытта Перак провинциясындағы Айер-Тавар қаласында Тоғыз Император-Құдайдың мерекесіне арналған салтанатты шара кезінде болған. Алпыс бес жастағы Лим Баны қазанға түсірген көмекшілері қақпағын жауып, астына от жағады. Алайда жарты сағат өткенде жағдайды бақылап тұрғандар оның тыпырлап, қазанды соққылап жатқанын естіген.
Оны дереу шығарып алған көмекшілері оның ессіз күйде екенін анықтаған. Гуру ауруханаға жеткізілгенде дәрігерлер оның жүрек талмасы ұстап, қайтыс болғанын тіркепті. Лим Ба бұл қауіпті трюкті соңғы 10 жыл бойында сәтті орындап келіпті. Оның ыстық қазан ішінде 75 минутқа дейін отырғаны айтылады. Қызының айтуынша, әкесі трюк алдында өзін жайсыз сезініпті.