БАТУТТА СЕКІРГЕН ДЕПУТАТ БАҚИЛЫҚ БОЛДЫ
Ресейдің Красноярск қаласындағы «Планета» ойын-сауық орталығында оқыс жағдай болды. Турухан аудандық кеңесінің 54 жастағы депутаты Сергей Попович батутта акробатикалық элементтер көрсету кезінде құлап, бақилық болған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Сергей Поповичтің 2015 жылдан депутат екендігін Турухан аудандық депутаттар кеңесінің өкілдері растаған.
Қазір осы жылғы 21 қазанда болған жағдайға байланысты тергеу басталып кетті.
Алдын ала мәлім болғандай Попович орталыққа өзімен бірге әйелі мен баласын ерте келген. Акробатикалық элементтерді орындау кезінде оқыстан құлаған оның омыртқасына зақым келіпті. Ол оқиға орнына «Жедел жәрдем» жеткенше көз жұмған.