ЖАБАЙЫ ҚАБАНДАР 4 АДАМДЫ ЖАРАЛАДЫ
Германиядағы Хайде қаласының тұрғындарына жабайы қабандар шабуыл жасаған. Бұл туралы https://ria.ru/ агенттігі хабарлайды.
. Бақылау камерасына түскен видеода қабанның оптика салонына кіргені көрінеді. Сойдақтістен шошынған жұрттың жасырынғаннан басқа амалы қалмаған.
Артынша тағы бір қабан жергілікті банкке кіріп кеткен. Одан қорыққан жұрт аңшылардан көмек сұрапты. Бірақ, аңшылар келгенше ол қашып кеткен.
NDR радиостанциясының хабарлауынша жабайы шошқа бір адамның саусағын шайнап тастаған. Тағы 3 тұрғын жеңіл-желпі жарақат алыпты. Бұрын-соңды Хайдеде мұндай оқиға болмаған екен.
"Осындай оқиғаға кезігем деген үш ұйықтасам да түсіме кірмепті", — дейді қала мэрі Ульф Штехер.