БЕС АДАМДЫ БАСЫП ӨЛТІРГЕН СТУДЕНТ 10 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
Харьков көшесінде 5 адамды қағып өлтіріп, тағы 6 адамды жарақаттаған студент 10 жылға сотталуы мүмкін.
Апат осыдан екі күн бұрын болған. Студент қыз мінген Lexus бағдаршамның қызыл жарығынан өте бере көлденең шыққан көлікке соғылып, бір топ адамды жаншып өте шыққан. Оқиға орнында бес адам қайтыс болса, тағы алтауы ауыр жарақат алды. Тергеушілер көшедегі көлік жарысына қатысқан қыздың тежегішті баспағанын да анықтап отыр.
"Россия 24" телеарнасының хабарлауынша күдікті қазір қамауға алынған. Қазір онымен жарысқа түскен басқа да стритрейсерлер іздестірілуде. Сонымен қатар, БАҚ ауыр қылмыс жасаған студенттің осы елдегі ірі кәсіпкердің қызы екендігін жазуда.