АФРИКАЛЫҚТАРДЫ АҢҒА ТЕҢЕГЕН КӨРМЕ ЖАБЫЛДЫ
Қытайдың Хубэй провинциясында Африка тұрғындарының көңіл-күйін жануарлардың эмоциясымен салыстырған фотографтың көрмесі жабылды, – деп деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«Бұл – Африка» деп аталған көрмеде қара нәсілді адамдардың суреті аңдармен қатар қойылған.
Юй Хуэйпин деген Қытай фотографына бұл ой Африкада саяхаттап жүрген кезінде келіпті.
Хуэйпиннің туындыларын көрген адамдардың пікірі екіге жарылды. Сыншылардың бірқатары суреттерді «ақылды әрі әсерлі» деп, жоғары баға берсе, кейбірі бұдан нәсілшілдік белгілерін байқаған. Ал африкалық студенттердің бір бөлігі өз елдерінің елшіліктеріне шағымданды.
Көрме жетекшісі Ван Юэцзюнь музей қандай бір халықты кемсітуді көздемегенін мәлімдеді. Ол Қытайда жануарлармен салыстыру кемсітушілік емес, тіпті кей кезде мақтаумен бірдей деген уәж айтқан.
Дегенмен ол «африкалық достарын» құрметтейтінін, сондықтан бұл суреттерді алып тастайтынын айтты.