ТАНЫМАЛ ХИРУРГ ДІНИ АҒЫМҒА ҚАТЫСЫ БАР ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Тәжікстандағы Соғды облыстық Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының қызметкері Абдумалик Саломов салафия діни ағымына байланысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы https://www.azattyq.org/ хабарлайды.
Танымал кардиохирург өткен айдың соңынан бері Худжандтағы тергеу абақтысында отыр. Тергеуді Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Соғды облыстық басқармасы қызметкерлері жүргізіп жатқан көрінеді.
Радио Озодидің облыс прокуратурасындағы дереккөзі тергеу 41 жастағы Абдумалик Саломовтың "Салафия" ағымының жергілікті өкілдерінің жиынына қатысқан деп білетінін айтқан. Бірақ дәрігерге қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.
Абдумалик Саломовтың ұсталғаны онымен бірге жұмыс істейтіндер үшін күтпеген оқиға болып отыр. "Саломов өте жақсы маман. Оның қажылыққа барғанын білемін, бірақ салафилермен байланысы бар дегенге сену қиын. Оның мінезі өте жұмсақ адам" деді оның әріптестері.
Азаттықтың хабарлауынша соңғы жылдары Тәжікстанда салафилік ағымға қатысы бар деген айыппен ондаған адам сотталған.