АТАМБАЕВ ЕНДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСАДЫ
Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев қызметінен кеткен соң немен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды https://kaz.tengrinews.kz/.
Атамбаев сайлау учаскесінде журналистердің сұрақтарына жауап беріп, енді шығармашылықпен айналысатынын айтып өтті.
"Шығармашылық пен саясатты бірге алып жүруге болады. Сіздер қорықпаңыздар, мен президент немесе премьер-министр болайын деп жатқан жоқпын. Осыған дейін де 30 жыл бойы саясатпен айналысқанмын. Ол маған өлең жазуға не проза жазуға, тіпті ән жазуға кедергі келтірген жоқ", - деді Атамбаев.
"Мен өзімнің бірде-бір әрекетімнен қорықпаймын. Қырғызстанда қаламын, әрбір сөзім үшін, әрбір әрекетім үшін жауап беремін. Жасыратын ештеңем жоқ. жасырынбаймын да. Халық алдында, Құдай алдында жауап беруге дайынмын", - деді Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев.
Айта кетейік, бүгін, 15 қазанда Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға 11 үміткер қатысып отыр: Эрнис Зарлыков, Токтоайым Уметалиева, Темир Сариев, Улукбек Кочкоров, Таалатбек Масадыков, Омурбек Бабанов, Арстанбек Абдылдаев, Азимбек Бекназаров, Сооронбай Жээнбеков, Адахан Мадумаров пен Арсланбек Малиев.