ЧЕРЧИЛЛЬ ШЕККЕН СИГАРА ТҰҚЫЛЫ 12 МЫҢ АҚШ ДОЛЛАРЫНА САТЫЛДЫ
Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилдің жартылай шегілген сигарасы АҚШ-тағы аукционда 12 мың долларға сатылды, деп хабарлайды https://mir24.tv/news/ әлемдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Аукционды Ботсондағы RR Auction үйі онлайн режимде өткізіпті. Саудаға түскен. La Corona маркалы Куба сигарасы тапсырыспен дайындалған. Жартылай шегілген сигара тұқылын Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында тұратын коллекционер сатып алды.
Ақпарат көздері Черчилльдің бұл сигараны Париждің Ле-Бурже әуежайында 1947 жылдың 11 мамырында шеккенін айтады.
Сигараның тұқылын Черчиллді Парижге жеткізген ұшқыш Уильям Алан Тернер сақтапты.