БАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛЫМ КЕЗІНДЕ АЮ ҮЙРЕТУШІГЕ БАС САЛДЫ
Коми республикасындағы Сыктывкар қаласындағы балаларға арналған цирк қойылымы кезінде аю үйретушіге тарпа бас салды.
PG11.ru порталының хабарлауынша дәл осы сәт қойлымды тамашалаушылардың бірінің телефонына түсіп қалған. Видеодан үйретушіге көмекке жетіп үлгіргендердің таяғынан кейін ғана аюдың адамды босатқаны көрінеді.
Бір қызығы, осыдан кейін де қойылым жалғасыпты. Тіпті, жыртқыш пен залдағы көрермендер арасына ешқандай кедергі қойылмаған болып шықты.
24-hoursnews.ru