СМАРТФОН ОЙНАЙМЫН ДЕП СОҚЫР БОЛДЫ
Қытайдың Гуандун провинциясының Дунгуань қаласының 21 жастағы тұрғыны смартфонда ұзақ уақыт ойнап, оң жақ көзі көрмей қалды, деп хабарлайды https://baq.kz/kk/ ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазады.
Бойжеткен күні бойы смартфонда ойын ойнаған. Осыдан кейін ол ауруханаға түседі. Оған оң жақ көзі торының бітелуі деген диагноз қойылды. Дәрігерлер оның себебі, ұзақ уақыт смартфонда ойын ойнап, көзге салмақ түскеннен деген қорытынды шығарған.
«Жұмысқа бару керек болса, мен таңғы 6-да тұрамын, таңғы асымды ішемін де кешкі 4-ке дейін ойын ойнаймын. Содан кейін тағы жүрек жалғап алып, тынығамын да түнгі 1-ге дейін ойнаймын» дейді бойжеткен.
Сәуір айында Циндао қаласының 14 жасар тұрғыны күнделікті смартфонды қолданғандықтан мойын жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірім арқа омыртқасының деформациялануына байланысты мойнын түзу ұстай алмайтын халге жеткен. Дәл осындай шағыммен мұның алдында дәрігерлерге 10 жасар ұл баланың да ата-анасы келген екен.