СИРИЯДА ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҚҚАН ДАЛА КОМАНДИРІ ОҚҚА ҰШТЫ
Соңғы екі күнде Сирияда Ресей авиациясы «Ислам мемлекеті» ұйымына кіретін жеті дала командирінің көзін жойды. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Оққа ұшқандардың арасында Қазақстаннан шыққан Әбу-Ислам-әл Қазақи атты дала командирі де бар. Ол Ефрат бойындағы экстремистер шабуылына жетекшілік жасаған көрінеді.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің өкілі Ресей авиациясының шетелдік жанкештілерді дайындау орталығын да жойғанын мәлімдеді.