ЖАС ЖІГІТ СУҒА ТҮСКЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННАН АЖАЛ ҚҰШТЫ
Ресейдің Челябі облысында жас жігіт суға түскен ұялы телефоннан ажал құшты. Он жеті жасар жігітің денесін ваннадан тапқан полицейлер әзірге осындай қорытынды жасап отыр.
Бұл туралы хабар полицияның кезекші бөліміне 30 қыркүйек күні кешке түсіпті. Сосновск ауданындағы Рощино селосындағылар да осы күні күдікті ешкімді көрмегендерін айтыпты.
Жасөспірімнің денесінде зорлық-зомбылық белгілерінің ізі байқалмаған. Полицейлер мен дәрігерлердің болжамынша жас жігіт ванна қабылдап отырып, қолына тоққа қосулы телефонын ұстаған. Ақыры ажалы қолынан сусып кетіп, суға түскен осы телефоннан болған, деп хабарлайды "Интерфакс".
Қазір осы факті бойынша тергеуге дейінгі тексеріс шаралары мен сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатқан көрінеді.