МАТЧ АЛДЫНДА ЕСІНЕН ТАНЫП, КӨЗ ЖҰМДЫ
Грузиядағы «Зугдиди» футбол клубының қақпашысы Шота Маминашвили матч алдында есінен танып, көз жұмды. Бұл туралы «Гурия» бас бапкері Гия Гурули фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Мцхета қаласындағы «Армази» стадионында болған.
Гурулидің айтуынша, 1 қазан күні жаттығу кезінде 31 жастағы футболшы кенеттен өзін жайсыз сезінген. Қақпашы стадионнан дереу ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмаған.
Спортшының неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.
Осыған байланысты «Зугдиди» мен «ВИТ-Джорджия» арасындағы мачт кейінге қалдырылды.
Маминашвили ұзақ жылдар Батумидың «Динамо» клубында ойнаған, «Мачахела» мен «Шукура» командаларында да өнер көрсетті. 2008 жылы ресейлік «Металлург-Кузбасс»-қа ауысып, 2009 жылы қыста клубтан кетті. «Зугдиди» командасына осы маусымның басында келген.