ЖЕРГЕ АЛЫП АСТЕРОИД ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ
Аспан әлемін зерттеуші ғалымдар болжамынша осы жылдың 12 қазаны күні іоі астероид Жерді жанай өтпек. Бұл туралы Life.ru.-ға сілтеме жасаған http://radiomayak.ru/ хабарлайды. Ғалымдар бұл нысанға 2012 ТС4 деген атау беріпті.
Мамандар бұл ғарыштық денені 2012 жылы байқаған. Оның массасын, диаметрін есептеп шыққан ғалымдар астероидтың ауқымы жағынан Челябинск метеоритінен әлдеқайда үлкен екенін айтып отыр. Олардың пікірінше 2012 ТС4 Жермен соқтығыспайды, тек жанай өтеді.
«Астероид біздің планетаға құлайтын Жер беті үлкен зардап шегер еді»,– дейді мамандар.