АНТРАКТИДАДАН АЛЫП АЙСБЕРГ БӨЛІНІП ШЫҚТЫ
Антарктиданың Пайн-Айленд мұздығынан тағы да ірі айсберг бөлініп шықты. Бұл жолғысының көлемі Парижден екі жарым есе үлкен, деп хабарлайды https://baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Айсберг әдеттегідей Пайн-Айлендтің шетінен емес, ішкі жағынан бөлінген. Оның аумағы 250 шаршы шақырымнан асады.
Ғалымдар мұны мұздықтарға әсер ететін жылы мұхит суымен байланыстырды. Соңғы кездері мұздықтардың еруі жылдамдаған, бұл зерттеушілерді қатты алаңдатып отыр. Егер Пайн-Айленд толығымен еріп кетсе, теңіз деңгейі 0,5 метрге көтеріліп, соңы үлкен апатқа апаруы мүмкін.
Естеріңізге салып өтсек, осы жазда Антарктидадан бұдан да үлкен – 6 мың шаршы шақырымдық айсберг бөлінген болатын. Егер осы жолы бөлінген айсберг көлемі жағынан бір Орынбордай немесе Парижден екі жарым есеге үлкен болса, мұның алдыңғысы Мәскеуден 2,5 есе үлкен еді.
Естеріңізге салып өтсек, бұған дейін Антарктидадан бір триллион тонна болатын айсберг бөлінген болатын.