ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СЕМІЗ ӘЙЕЛ АТАНҒАН МЫСЫР ТҰРҒЫНЫ КӨЗ ЖҰМДЫ
Дәрігерлердің айтуынша оның өліміне ішек шогы мен бүйрек дифунциясы себеп болған.
Осы жылдың ақпанында 36 жастағы Эман Ахмед Аб Эль Ати Үндістанға жеткізіліп, оған ота жасалған еді. Сол кезде салмағы 495 келі тартатын ол отадан кейін 200 келі тастаған болатын.
Осыдан кейін отанына оралған Эман Ахмед Аб Эль Атиді 20-дан астам дәрігер бақылауға алған еді. Бірақ оның артық салмақпен күресі осылайша сәтсіз аяқталды.