ҮНДІСТАНДА ҚҰБЫЖЫҚ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында құлақтары мен мұрны жоқ, көздері шарасынан шығып кете жаздап тұрған нәресте дүниеге келген. Баланың салмағы екі келіден сәл асады, деп хабарлайды https://baq.kz/kk
Дәрігерлердің айтуынша, құбыжық баланың өмір сүретін барлық мүмкіндіктері бар.
«Перзентханаға түнде түстім. Таңғы төртке қарай босандым. Өте қуанышты едім, бірақ баланың түрін көргенімде өз көзіме өзім сенбедім. Мен мұндайды бұрын ешқашан көрмедім», - дейді баланың анасы Каришма.
Құбыжық баланы көру үшін олардың үйіне күн сайын жүздеген адам келеді екен.
Баланың әкесі Аршад осы баланы Құдайдың өзі қалауымен жіберіп отыр деп есептейді. Сол себепті ол баласының мейлінше бақытты өмір сүруі үшін барын саламын дейтін көрінеді.
Ал жергілікті жердегі тұрғындар құбыжық баланы «Бөтен» әрі «Келімсек» деп атап кетіпті.
«Бұл баланы бізге Құдай берді, оны тастамаймыз. Ол тірі тұрған кезде одан қамқорлығымызды да аямаймыз» , - дейді Аршад.
Аршад пен Каришма балаларының ұзақ өмір сүретініне үміттенеді. Олардың бұдан басқа 2 жастағы қызы бар.