БИЛІК ӘСКЕРІ ӘЛ-СУХНА ҚАЛАСЫН СОДЫРЛАРДАН АЗАТ ЕТТІ
Сирияның дәл ортасындағы әл-Сухна қаласын содырлардан азат еткен билік әскері «Ислам мемлекеті» терроршыларымен соғыста күн сайын бел алып келеді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлап отыр.
Бұл шаһарды басып алу Башар әскеріне Дейр эз-Зор аймағына жол ашты.
Қазір олар бүлікшілердің Ракка алдындағы соңғы бекінісіне айналған Мадан қаласынан небәрі 4 шақырым қашықтықта ұрыс жүргізуде.