МАС ТУРИСТЕР ҚҰЗҒА ҚҰЛАП ӨЛДІ
Үндістандағы Эмболи сарқырамасына саяхаттап келген туристердің ойыны қасіретпен тынды деп хабарлайды https://baq.kz британдық Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Ішімдікке масайған екі турист серіктерінің сөзін тыңдамай отыз метрлік құздың жиегіндегі шарбақтың ар жағына өткен. Осылайша олар қорықпайтындарын көрсеткісі келіпті. Алайда, сорына қарай 25 жастағы Имран Гарди мен 21 жасар Прасад Ратход абайсызда шыңырауға құлап кетті. Екеуі де сол жерде қаза болды. Оқиғаны видеоға саяхатқа бірге шыққан әріптестері түсірген. Басылымның жазуына қарағанда, олардың бәрі құс фабрикасында жұмыс істеген.