ӘЙЕЛІН ӨЛТІРУ ҮШІН АЛҒАН КРЕДИТІНЕ КИЛЛЕР ЖАЛДАҒАН
Бірақ бұрынғы әйелінен ың-шыңсыз құтылуды көздеген қаскөй бұл қылмысты жасауға жалдаған адамының полицей екенін ол білмеген, деп хабарлайды https://baq.kz/ "Дни.ру" порталына сілтеме жасап.
Ресейдің Ленинград облысында тұратын 22 жастағы азамат бұрынғы әйелін өлтірмек болды деген күдікпен тұтқындалды. Ол бұл үшін 150 мың рубль төлеуге уәде берген. Жалған киллер алдын ала төлем ретінде 20 мың рубль алған.
Тапсырыстың орындалғанының дәлелі ретінде «өлген» әйелдің заттарын апарғанда оған тағы 20 мың рубль берген. Осы екінші төлем үшін ол банктен кредит алған деп хабарлайды ресейлік басылым.