ӨЗБЕКСТАНДА ГҮЛНӘР КАРИМОВА ТҰТҚЫНДАЛДЫ

РИА Новости агенттігінің дерегінше Каримоваға алаяқтық жасап, кеден заңдылықтарын бұзды, қылмыстық жолмен тапқан табысын жалған құжаттар арқылы заңдастырды деген айып тағылып отырған көрінеді.
Осы оқиғаға байланысты Ташкент бірқатар шет мемлекеттерге Каримова бастаған қылмыстық топ активтерін тұтқындау туралы өтініш жолдапты. Тергеушілердің айтуынша Каримованың кінәсі қылмыстық топ мүшелерінің, жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптары арқылы дәлелденіп отыр.