АЙ БЕТІНДЕ СУДЫҢ ҚОРЫ МОЛ ЕКЕН
Ғаламшартанушылардың халықаралық ұжымы Ай қойнауында су барын анықтады, деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған https://kaz.tengrinews.kz/
Ғалымдардың зерттеуі Nature Geoscience журналында жарияланды және Браун университетінің ғалымдары ол туралы қысқаша баяндап берді.
Мамандар Үндістанның Chandrayaan-1 жер серігі арқылы жинаған мәліметтерді зерттей келе, спектрал сараптау негізінде Ай бетіндегі ежелгі жанартау қалдықтарының химиялық құрамында судың мол екенін анықтады.
Ғалымдар Айдың сыртқы бетіне су жанартаумен бірге шыққан деген пікірде. Жанартау қалдықтары құрамының 0,05 пайызы судан тұрады. Бұл қазіргі кезде Айдың қойнауы суға толы екенін білдіреді. Ғалымдардың пайымынша, ол суды осы ғаламшардағы миссиялар кезінде пайдалануға болады
Айда су бары мұның алдындағы Apollo миссиясы кезінде де дәлелденген. Сонымен қатар, Ай полюсінің түнек басып тұрған кратерлерінде мұз бар екендігі байқалып отыр.