ЕСКІ ҒИМАРАТТЫ 2 ҒАСЫР БҰРЫН ӨЛГЕН АДАМНЫҢ ЕЛЕСІ КЕЗІП ЖҮР. ВИДЕО
АҚШ-тағы тарихи ғимаратты аралап жүргендер XVIII дәл осы жерде болған өрттен қаза тапқан үй қызметшісінің елесін видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Sun басылымына сілтеме жасаған Вести.ру хабарлады.
Даниэль Хайд пен Саванна Браун 16 маусымда Солтүстік Каролинадағы осы ғимаратта өздері түсірген видеоны Snapchat желісіне жүктепті. Оны көрген таныстары қос құрбыға таспадан екі ғасыр бұрынғы сән үлгісімен киінген біреуді байқағандарын хабарлаған. Ал құрбылар Трион Пэлес деген атқа ие болған ғимаратта ондай ешкімнің болмағанын айтып отыр.
Он сегізінші ғасыр ортасында осы аймақ губернаторы үшін салынған үй 1798 жылы өртке ораныпты. Үй қызметшілері тұратын шатырдан басталған өрттен ешкім аман қалмаса керек.
ХХ ғасыр ортасында ғана қалыпқа келтірілген ғимарат қазір музей ретінде пайдаланылуда.