ВЕНГРИЯ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БЕЛГІСІ БАР КИІМДЕРГЕ ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛДЫ
Су добынан Будапешт қаласында өткен сайыста жергілікті полицейлер Ресей командасының жаттықтырушылары мен осы елден барған делегация мүшелерінің Кеңес Одағының белгісі бар киім кимеуін талап еткен.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Бұл оқиғаны Ресейдегі бірқатар спорттық федерация басшылары да растап отыр. Олар жарыс алдында бесжұлдызы және ССР деген жазуы бар футболкаларын шешіп тастауға мәжбүр болғандарын айтады.
Венгрия полицейлері ресейліктерге елде осындай талап барын алдын ала ескертіпті. Құқық қорғаушылардың айтуынша Кеңес Одағының белгілері Венгрияда фашистік символикаларға теңестіріліп, оны пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ал оны бұзғандар қомақты айып төлеп, жазаға тартылады.