22 ШІЛДЕДЕ АЛЫП АСТЕРОИД ЖЕРГЕ ЖАҚЫН ҰШЫП ӨТЕДІ
Ғарышты кезіп жүрген алып астероид 22 шілде күні біздің планетамызға жақындай түседі. Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары диаметрі 1100 метр болатын астероидтің Жерге зор жылдамдықпен келіп соқтығатыны жөнінде хабарлар таратып үлгеріпті. Бірақ ғалымдар елді дүрлігістен аулақ болуға шақыруда, деп хабарлайды RT сайты.
Астрономдар мәліметінше осы жылғы 22 шілдеде 2017 МВ1 деген шартты атауға ие болған астероидтың сағатына 86 580 шақырым жылдамдықпен біздің планета маңайынан ұшып өтетіні рас. Бірақ Жер мен астероид арасы шамамен 8,7 млн. шақырым болады.
Ғалымдар 2017 МВ1-нің ғарыштағы аса қауіпті кезбе нысандардың бірі екенін де жасырмайды. Бірақ оның біздің планетамен соқтығысуы мүмкін емес.