Э.РАХМОН: ХИДЖАБ ПЕН САҚАЛ ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ ЕМЕС
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ел халқынан сақал өсіріп, хиджаб кимеуді сұрады. Бұл туралы http://qazaqtimes.com/ хабарлайды.
Ол Душанбеде сөйлеген сөзінде он жыл бұрын тәжік халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі жайында қабылданған заңының маңыздылығы жайында айтып, ел халқын сақал өсіріп, хиджаб кимеуге шақырды.
Ол өз сөзінде: «Әйел адамдардың қара матаға оранып, тұмшаланып алуы тәжік дәстүріне сәйкес келмейді. Бір құдайға хиджаб киіп, сақал өсіру арқылы емес, жүрекпен иман келтірген дұрыс. Тәжік халқы өздерінің ата-бабасы ұстанған дәстүрмен жүріп, өзге елдің дәстүріне қарсы тұруы тиіс» - деді.
Бұдан бұрын Тәжікстан билігі елде мектеп жасындағы балаларға мешітке баруға, хиджаб киуге тыйым салған еді. Ал осы жылы шетелдердің діни университеттерінде оқып жүрген мыңдаған студентті елге қайтарып алған болатын.